​"Арай-2020" байқауының жеңімпаздары анықталды

0
1 672

Ақтық сында 38 үміткер қатысып, бақ сынасқан болатын.


​

Түркістан қаласында өткен облыстық "Арай-2020" жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Р.Сетметов атындағы сазды-драма театрында өткен ақтық сында 38 үміткер қатысып, бақ сынасқан болатын. Байқау қорытындысы бойынша ән байқауының бас жүлдесіне Аплатон Рақымжан лайық деп танылды. "Алтын жұлдыз" дуэті жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Жайна Әпсаттар, үшінші орында Ардақ Ысқақова мен Сәтдаулет Сүлейменов иеленді.
Ал мәдени іс-шаражүргізушілерінің сайысының бас жүлдесін Инабат Абытханқызы иеленді. Жүлделі бірінші орынды Нұрайым Төлебек, екінші орынды Жасмина Анарбек, үшінші орынды Дастан Әлжанов пен Нүркен Абрахман қанжығаға байлады.
Бұдан бөлек, облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі» - Мамырхан Жұбатовқа, «Көзімнің қарасы» номинациясы Ернур Әлібекке, «Көрермендер көзайымы» номинациясы – «Ugai» тобына, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» Айжан Пірімжарға бұйырса, іс-шара жүргізушілері арасынан «Облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі» - Абзал Құралбаевқа, «Өлең сөздің патшасы» номинациясы Алтынай Шырынханға, «Көрермендер көзайымы» номинациясы Нұрсұлтан Отарға табысталды.