«Арай-2018» байқауының жеңімпаздары анықталды (фото)

0
2 604

Шымкентте өткен «Арай-2018» жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілерінің байқауы жеңімпаздары анықталды. Астананың 20 жылдығына орай облыстық деңгейде өткізілген байқауға өңіріміздің аудан, қалаларынан 450-ге жуық үміткер қатысты. Оның ішінде 39 өнерпаз ақтық кезеңде бақ сынады.


 «Арай-2018» байқауының жеңімпаздары анықталды (фото)

Шымкентте өткен «Арай-2018» жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілерінің байқауы жеңімпаздары анықталды.

Астананың 20 жылдығына орай облыстық деңгейде өткізілген байқауға өңіріміздің аудан, қалаларынан 450-ге жуық үміткер қатысты. Оның ішінде 39 өнерпаз ақтық кезеңде бақ сынады.

Мəдени іс-шара жүргізушілері бойынша Бас жүлдеге Шымкент қаласынан Нұрлан Мухторов лайық деп танылып, 200 мың теңге сыйлыққа ие болды.


Түркістан қаласынан Ақмарал Срайыл бірінші орынды 150 мың теңге жүлдесімен қанжығасына байлады. Екінші орынды шымкенттік Айнұр Қожатайқызы жəне түлкібастық Байжұма Бақытжан бағындырып, 100 мың теңгенің сыйлығы берілді. Үшінші орыннан шымкенттік Нұрдаулет Жақсыбай мен Бағдат Байбалашов көрінді. Оларға 70 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар, «Шешен - сөздің шебері» номинациясын Арыс қаласынан Айгүл Ержігітова, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесін төлебилік Арайлым Құрбанқұл, «Көрермен көзайымы» жүлдесін шардаралық Дана Сәрсенбай иемденіп, 30 мың теңгеден жүлделі сертификат үлестірді.

Ал жас эстрада әншілері бойынша Бас жүлдені Түлкібас ауданынан Ержан Өксікбай иеленді. Оған 300 мың теңге жүлде табыс етілді.

200 мың теңгелік жүлделі бірінші орын шымкенттік үміткер Мақсат Қабай, екінші орын Шымкент қаласының өнерлі қызы Балжан Алтай жəне шардаралық Жандос Әшірбекті лайық деп тауып, 150 мың теңгеден тапсырылды. 100 мың теңгелік сыйақы үшінші орын алған шымкенттік Жания Тулепберген, Айбек Сейітхан жəне Созақ ауданынан Бейбарыс Оңласын иеленді.

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі Шымкент қаласынан Разия Әуезханға «Патриоттық әнді үздік орындағаны үшін» жүлдесі, сарыағаштық Эльмира Ералы «Арай-2018 аруы» жүлдесін табыстады. Ал шымкенттік Әлима Джунусалиеваға, «Көрермен көзайымы» жүлдесі Мақтарал ауданынан Малика Қалдыбайға бұйырды. Түрістандық Ұлан Көшербай «Ең жас әнші» атанды.