Арыс қаласында су жүйесі жүйелі жолға қойылды

0
971

Бірақ, орталық магистральда шыққан ақаудан 1500-дей үй сусыз қалған.


Арыс қаласында су жүйесі жүйелі жолға қойылды

Арыс қаласындағы барлық үйге суық су келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алайда бүгін орталық магистральда шыққан ақаудан 1500-дей абонент сусыз қалды. Жөндеу жұмыстары барысында су жеткізу желісін үзген снаряд табылды. Қазіргі таңда ақау қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғындарға су тұрақты берілуде.

Жалпы Арыста 10600 абонент болса, су тарату 2,5 есеге ұлғайған.