Арыс қаласында жүк көлігін «бассейн» еткен жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)

0
1 543

Жүргізуші көлік тіркемесіне бассейн жасаудың заңға қайшы екенін білмепті.


Арыс қаласында жүк көлігін «бассейн» еткен жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Арыс қаласындағы «Жылжымалы бассейн» жасағандардың кім екені анықталды. Жергілікті полицейлер жүк көлігі иесін тауып, оны әкімшілік жауапқа тартты, деп жазады sn.kz.

Арыс қаласының тұрғыны көлік тіркемесіне бассейн жасаудың заңға қайшы екенін білмепті.

"Мен Абуғалиев Нұрлыбек Арыс қаласында тұрамын. 14 шілде күні «жылжымалы бассейн» істегенім үшін кешірім сұраймын», - дейді ол.


Жергілікті полицейлер көлік жүргізушісі Мақсұт Пернебаевті ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салды.

Айта кетейік, 14 шілде күні Арыс қаласындағы әл-Фараби көшесінде бірнеше ер адамның «Жылжымалы бассейнде» көше кезіп шомылып жүрген видеолары әлеуметтік желіге таралып кеткен болатын.