Арыс өзеніне батқан 7 жасар баланың денесі 5 күннен бері табылмай жатыр

0
1 229

Шәуілдір ауылында тұратын 7 жасар бала 31 қаңтар күні Арыс өзеніне абайсызда түсіп кеткен. Содан бері оның денесі әлі табылмай жатыр.


Арыс өзеніне батқан 7 жасар баланың денесі 5 күннен бері табылмай  жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында Арыс өзеніне батқан баланың денесі 5 күннен бері табылмай жатыр. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 жасар баланы іздестіру жұмыстары әлі тоқтаған жоқ.

Құтқарушылар 8 градус аязға қарамастан өзенге түсіп,5 метрге дейін тереңдікке сүгіп жүр. Әзірге нәтиже жоқ.

«03.02.2018 ж сағат 08.30-да судан құтқару жасағының жетекшісі Б.Райымқұлов оқиға орнына келіп, баланы іздестіру шараларын қайта жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Іздестіру шараларына 11 адам мен 2 техника, ОҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Ал,баланың денесін іздеу шараларына Отырар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен 13 және ішкі істер басқармасының 7 қызметкері және 2 техникасы тартылған", делінген хабарламада. Оған қоса жергілікті тұрғындар мен туыстарынан құралған топ та атсалысып жүр.

Аудан орталығы Шәуілдір ауылында тұратын 7 жасар бала 31 қаңтар күні абайсызда Арыс өзеніне түсіп кеткен болатын. Содан бері оның денесі әлі табылмай жатыр.