Арыста «Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу» тақырыбында жиын өтті

0
1 615

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас.


Арыста «Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу» тақырыбында жиын өтті

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің және ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің білімі мен біліктілігін көтеру мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қала әкімдігінің мәжіліс залында облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы М.Халықов «Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, маман тарапынан дәлелді, дәйекті жауаптарын алды. Жиын соңында қатысушыларға кітапшалар мен сертификаттар табысталды.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» - деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті құбылысқа айналғаны белгілі. Әсіресе, соңғы жылдары бұл жайт Орталық Азия аймағында жиі орын алуда. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.