Арыстан 130 бала Павлодарға демалуға аттанды

1
1 030

"Алматы Кітап" баспасының ұжымы дәл осы жолға шығатын 130 баланы қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етті.


Арыстан 130 бала Павлодарға демалуға аттанды

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Павлодар әкімдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты арыстық 130 бала мен аймақтың 10 ұстазы Баянауыл өлкесіне аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қайырымдылық мақсатында Павлодар облысы әкімдігі 27 маусым күні Шымкент қаласындағы әуежайға арнайы ұшақ жіберіп, арыстық балаларды алдырып отыр.

Сонымен қатар, «Алматы Кітап» баспасының ұжымы дәл осы жолға шығатын 130 баланы қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Айта кетерлігі, эвакуациялық орталықтарда жатқан балаларды жазғы демалыстарға жіберу жұмыстары жалғасатын болады.