Арыстық кәсіпкерлерге 1 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі

0
1 866

Түркістан облысы әкімдігі Арыс қаласының кәсіпкерлерін қолдау мақсатында «Қамқор» бағдарламасын қабылдады.


Арыстық кәсіпкерлерге 1 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі

фото ашық дерек көзден

Арыс қаласының шағын және орта бизнесіне 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап кәсіпкерлерік субъектілеріне арнап 5 млн теңгеге дейін 1 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша Арыс қаласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 433 бірлік (жалпы саны 3 707), оның ішінде 522 заңды тұлға, 1 802 жеке кәіпкер және 1 109 шаруа қожалығы. Қызмет көсрету түрі бойынша 40,6%-ы – ауыл шаруашылығында, 31,9% – сауда, 12,1% – қызмет көрсету, 15,4% – басқа да қызмет түрлерімен айналысады.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы әкімдігі Арыс қаласының кәсіпкерлерін қолдау мақсатында «Қамқор» бағдарламасын қабылдады.

Бағдарлама 1% сыйақы мөлшерлемемен 5 млн теңгеге дейінкепілсіз несие беруді көздейді. Несиенің мерзімі – 4 жылға дейін және 6 айға дейін несиені төлеуге жеңілдетілген кезең қарастырылған. Негізгі талап – екі кепілгердің болуы қажет.

Аталған қолдау барлық кәсіпкерлік субъектілеріне салалық шектеулерсіз ұсынылатын болады. Жеңілдетілген несие «Ырыс» микроқаржы ұйымымен ұсынылады.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама аясында қаражат қажеттілігі кәсіперлер үшін тапшы болып жатса, 1% мөлшерлемеде несие ұсынудың 2-ш кезеңі ұсынылатын болады.

Бұл жоба облысы әкімідігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы пысықталуда. Демек, қажет болған жағдайда аяқталған жоба Арыс қаласының кәсіпкерлері үшін қосымша жүзеге асатын болады.

Бұдан басқа, бүгінгі таңда оңтүстік аймақтың инвестициялық орталығы, Ырыс микроқаржы ұйымы, Агронесие корпорациясы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қаржы институттары арқылы несие алған 150-ге жуық кәсіпкердің 400 млн теңге көлеміндегі осыған дейін алған несиелеріне жеңілдіктер жасалатын болады. Яғни, төлем кестесін өзгерту, айыппұлын қысқарту, несие бойынша негізгі қарызға жеңілдік кезеңін беруді көздейді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтық каникулдар ұсыналатын болады.

Бұдан басқа шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қолдап, оларды қажетті тапсырыстармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазіргі уақытта 2019-2020 жылдары аралығында 100 млрд теңгеге жуық 14 инвестициалық жобасын іске қосу жайында да ақпарат берілді.

Атап өтетіні, жергілікті бизнесті қолдау мақсатында Арыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салық төлеуден босату қарастырылуда.