Астанаға 20 жыл: Мақтаралда балаларды оңалту орталығы ашылды

0
4 639

Мұндай орталықтар бұған дейін де Жетісай қаласы мен Асықата, Атакент кенттерінде ашылған.


Астанаға 20 жыл: Мақтаралда балаларды оңалту орталығы ашылды

Түркістан облысы Мақтарал ауданының Мырзакент кентінде Астана қаласының 20 жылдық мерекесі қарсаңында «Мырзакент мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанатты ашылу рәсімі болды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мұндай орталықтар бұған дейін де Жетісай қаласы мен Асықата, Атакент кенттерінде ашылған. Бұл нысанға жергілікті бюджеттен 9 млн 335 мың теңге қаржы жұмсалған.

Денсаулықтарында кінәраты болғанымен өмірге құштар бүлдіршіндерге 24 арнайы мамандар барынша сапалы қызмет көрсетеді. Орталықта жас ерекшеліктеріне қарай денсаулықтарын қалпына келтіруге арналған спорттық жаттығулар, массаж кабинеттері, ой-өрісін дамытып, ақыл-ес, ми жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.

Айта кетейік, Мақтарал ауданы бойынша 11 946 мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепке алынған. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 1829 балалар есепке алынып, 313 мүмкіндігі шектеулі балаларға қоларбалар берілген. 467 мүмкіндігі шектеулі бала жөргектермен қамтамасыз етілген.