Ата-аналарға екпенің маңыздылығы туралы айтылды

0
2 216

Ата-аналар қызылша ауруының алдын алудың алғы шарты және аурудың асқынуынан сақтанудың негізгі жолы – екпе салдыру екенін түсінді.


Ата-аналарға екпенің маңыздылығы туралы айтылды

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Түркістан облысы, Созақ аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Г. Озғанбаева Шолаққорған ауылындағы «Шолаққорған» орта мектеп оқушыларының ата-аналарына қызылша ауруы туралы дәріс оқып, аурудың алдын алу үшін балаға екпе салдырудың маңыздылығын түсіндірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының ата-аналарымен елімізде әр адам тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық қандай екпелер салдыра алатындығы туралы мол ақпарат берілген шара өтті.

Әр ата-ана өз баласының өміріне, денсаулығына жауапты. Сондықтан да ата-ана баласына екпе салдырудан бас тарта алады. Дегенмен, екпенің салыну мақсатын білуі және одан бас тарту салдары туралы ақпарат беруі тиіс.

Осы жөнінде ата-аналарды ақпараттандырған Созақ аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Г. Озғанбаева бүгінгі таңда барлық аймақта қызылша ауруының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бұл орайда екпенің маңыздылығын және қажеттілігін түсіндірді.

Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы ешқашан екпе салдырмаған адамда ауруға шалдығу қаупі кез келген жаста болады. Ал, қызылша ауруының алдын алудың алғы шарты және аурудың асқынуынан сақтанудың негізгі жолы – екпе салдыру.

Шара барысында қызылша инфекциясының берілу жолдары, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары туралы айтылды. Ата-аналар қызылша ауруына қарсы салынатын екпеге қатысты сұрақтар қойып, маманнан толық жауап алды.