«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Кентаулық тұрғын сүтті мал шаруашылығын қолға алған

0
735

Қаржысына 10 сиыр сатып алған.


«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Кентаулық тұрғын сүтті мал шаруашылығын қолға алған

Кентаулық шаруа «Ауыл аманаты» жобасымен сүтті мал шаруашылығын қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласының тұрғыны Абсаттар Маназаров сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысады. Кәсібін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 5 млн теңге несие алып, қаржысына 10 сиыр сатып әкелген.


Абсаттар кәсіптің бұл түрімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде 15 сиырдан күніне 30-35 литр сүт сауып, қала тұрғындарына тасымалдап отыр. Шаруа екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан бола тұра, еңбек қана адамды алға жетелейтінін айтады.