«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Отырарлық тұрғын кәсіп бастады

0
326

Бүгінде әрбір сиырдан 10-15 литр сүт сауып, табыс көзін кеңейтіп отыр.


«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Отырарлық тұрғын кәсіп бастады

Отырар ауданы, Қарғалы ауылының тұрғыны 6 бұзаулы сиыр сатып алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін кеңейтіп отырғандар қатары артуда. Соның бірі, отырарлық кәсіпкер, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, мал басын көбейтіп, сүт шаруашылығын қолға алған. Отырар ауданы, Қарғалы ауылының тұрғыны Айдар Жүнісбай мемлекеттен 3 млн. теңге қаражат алып, Жамбыл облысынан сүт бағытындағы 6 дана бұзаулы сиыр сатып алған. Бүгінде әрбір сиырдан 10-15 литр сүт сауып, табыс көзін кеңейтіп отыр.


Айта кетейік, кәсіп бастаймын деген жанға мемлекеттен түрлі қолдау қарастырылған. Отырарлық кәсіпкер алдағы уақытта сүт өнімдерінен құр, май, ірімшік секілді өнімдерді өндіріп, табыс көзін кеңейтпек.


«Жеке кәсіппен айналысу көптен бергі арманым еді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында сол арманым орындалып келеді. Маған көмектесіп, қолдау көрсеткен аудан басшыларына, аудандық кәсіпкерлік палатасының мамандарына алғысым шексіз», – дейді кәсіпкер.


Жалпы, аталған бағдарлама аясында Қарғалы ауыл округінің 47 азаматы өз кәсіптерін дөңгелету мақсатында «Ырыс» МҚҰ-на өтінім білдірген. Қазіргі таңда 25 азаматтың өтініші мақұлданып, оларға бағдарлама аясында 132 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Ал қалған азаматтардың ұсыныстары жуық арада өз шешімін табады деп күтілуде.