«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Сайрамда 89 жобаның құжаттары мақұлданған

0
488

Былтыр 13 жекеменшік мектеп іске қосылса, биыл 7 жекеменшік мектептің іске қосылуы жоспарлануда.


«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Сайрамда 89 жобаның құжаттары мақұлданған

Сайрам ауданында «Ауыл аманаты» жобасынымен мал шаруашылығында 89 жоба бойынша құжаттар мақұлданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында Президент тапсырмасымен облыста бастау алған «Ауыл аманаты» жобасынымен мал шаруашылығында 89 жоба бойынша құжаттары мақұлданған. Бұл туралы облыс әкімі Дахан Аманкелдіұлының аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды.


Биыл 2 мектептің құрылысы жүруде. Қарамұрт ауылындағы мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Жекеменшік мектеп салудан облыста Сайрам ауданы көш бастап тұрған. Былтыр 13 жекеменшік мектеп іске қосылса, биыл 7 жекеменшік мектептің іске қосылуы жоспарлануда. Бұл мектептер жаңа оқу жылында оқушылар қабылдайтын болады. «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы шеңберінде аудан аумағындағы мектептердің мәселесін шешу үшін жаңадан 3 мектептің құрылысы жоспарлануда.


Кездесуде Сайрам ауданының тұрғындары облыс әкіміне ұсыныс - пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Қоқыс полигонын салу, ардагерлер орталығын ашу, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, жол сапасы, газбен қамту мәселелерін көтерді. Облыс әкімі әр аудан, қала, ауыл әкімдерін халыққа жақын болуды, жағдайды толыққанды білуі, әр мәселені жедел шешуді ескертті.


«Проблеманы ашық айту керек. Шешуді де тұрғындармен бірлесе, ақылдаса отырып шешуге болады. Ортақ шешім қабылдаған жөн. Әрбір әкім халықтың жағдайын түсініп, мәселесін заң аясында шешіп беру керек. Халыққа жақын болуы керек. Халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы, жағдайды толыққанды білуі, мәселені жедел шешуі – басты міндет. Елдің тұрмысын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс. Біз үшін әр аудан стратегиялық тұрғыдан маңызды. Халықтың сұранысына жедел үн қатып, елдің мұң-мұқтажына шұғыл шешуге ұмтылыс жасау маңызды. Халықпен бірге, елмен етене араласып, жұмыс жасаңыздар», - деді облыс әкімі.


Сондай-ақ облыс әкімі қабылдауға жазылғандардың сұрақтарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді көтерді.


Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.