Қазақстанда тек ОҚО-да бар жалғыз фазанарийде құстар саны артқан

0
3 959

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде құрылған фазанарийде «Елік», «Қырғауыл» тұқымбақтары, ал Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлеккеттік орман қоры жерінде «Құлан мен қарақұйрық» тұқымбақтары жасақталған. ​


Қазақстанда тек ОҚО-да бар жалғыз фазанарийде құстар саны артқан

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында жабайы жануарлардың өсімін молайту мақсатында өткен жылы фазанарий құрылды. Ондағы 200 гектар аумақта құлан және қарақұйрық, 10 гектар жерде Сібір елігі мен 2 гектар аумақта қырғауыл құсын қолдан өсіру жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Қырғауыл тұқымбағында бүгінде 34 бас құс бар. Олардың жұмыртқасы алынып, инкубаторлық жолмен көбейту жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде құрылған фазанарийде «Елік», «Қырғауыл» тұқымбақтары, ал Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлеккеттік орман қоры жерінде «Құлан мен қарақұйрық» тұқымбақтары жасақталған.

Осы жылы елік тұқымбағына Алматы облысының Іле өзенінің бойынан 20 бас елікті, яғни, 3 аталық, 12 аналық және 5 төлін аулап, алып келу көзделуде. Елік - бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. Еліктің Еуропа, Сібір, Маньчжур үш түрі таралған болса, Қазақстанда Сібір түрі кездеседі.