«Әзірет Сұлтан» музейі құрамындағы ескерткіштерге 3D-тур виртуалды жобасы енгізіледі

0
2 807

Бұл туристерге әлем­нің қай түкпірінде болмасын, ғ­алам­тор арқылы қорық-музей сайты­нан 3D-тур арқылы қорық-музей ескерткіштері туралы толықтай ақпа­рат алуға, музейдің ішіндегі жәдігер­лер, архитектуралық құрылымдарымен кең танысуға мүмкіндік бар.


«Әзірет Сұлтан» музейі құрамындағы ескерткіштерге 3D-тур виртуалды жобасы енгізіледі

ERNUR.KZ. Халқымыздың рухани қазынасы саналатын, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген «Әзірет Сұл­тан» мемлекеттік тарихи-мәдени қ­орық-музейі – тек қазақ ұлты­ның ғана емес, әлем мәдениетіне үлес қосу­­шы жәдігерлер санатында.

Бұл – Қазақстан мен Ор­та­лық Азия аймағы үшін ғана емес, бүкіл әлем қауым­дас­тығы үшін маңы­зы зор мәдени-тарихи нысан екен­дігінің бірден-бір айғағы. Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өндірістік революция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндік­тері» атты Жолдауы – бұған дейінгі жария­ланған Жолдаулардың заңды жал­ғасы, идеясы терең, сабақтастық қағи­даттарын ұстанған өзекті құжат. Осы орайда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында көрсе­тіл­ген міндеттерді жүзеге асыруға қан­шалықты өзіндік үлесін қосуда деген сауал мазалайтыны ақиқат. Мәселен, Жолдауда айтылған 10 бағыттың бірін­де сөз болған жаңа технологияларды жұ­мыс барысында енгізуге сай музей аума­ғында орналасқан барлық ес­керт­кіштерге штрих-кодтар (QR-код) қойылды. Келуші туристер осы штрих-код арқылы ескерткіш туралы мағ­лұ­мат­тармен үш тілде мағлұмат ала алады.

Демек, мұнда аяқ басушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен қоса, Рәбия Сұлтан бегім, Есім хан, Гауһар ана, «Үкаша ата» мазарын, Қылует жерасты мешіті мен шығыс моншасы және көне Сауран қалашығының тарихымен етене танысады. Одан соң, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі құрамына кіретін ескерткіштер бойынша 3D-тур виртуалды жобасы әзірленіп, іске қосылғанын да айта кеткен жөн. Бұл туристерге әлем­нің қай түкпірінде болмасын, ғ­алам­тор арқылы қорық-музей сайты­нан 3D-тур арқылы қорық-музей ескерткіштері туралы толықтай ақпа­рат алуға, музейдің ішіндегі жәдігер­лер, архитектуралық құрылымдарымен кең танысуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ қорық-музейге жерленген хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер тізімінің электронды нұсқасы әзірленді. Оған ақпараттық киоск орнату арқылы қол жеткізіліп отыр. Енді азаматтар­дың осы тізімге, сондай-ақ жерленген тұлғаларға қатысты қандай да бір ұсынысы болып жатса, оны компьютер арқылы түзету оңайға соқпақ. Мұнда сондай-ақ осы ақпараттық киоскіге жерленген игі жақсылардың қысқаша өмірбаяны, олардың тарихтағы алған орны, басқа да тиісті ақпарат енгізілді. Сонымен қатар келушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кеңсе ғимаратының қабырғасына және билет сататын кассаға «жүгіртпе жол» орнатылды. Қазіргі таңда «жүгіртпе жол» арқылы қорық-музейдің жұмыс кестесі, өткізілетін іс-шаралар туралы келушілер толықтай мағлұмат ала алады.