Азия чемпионатында шардаралықтар 36 алтын алды

0
1 412

Жеңімпаздар қазан айында Румынияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.


Азия чемпионатында шардаралықтар 36 алтын алды

Қырғызстанның Шолпан ата қаласында өткен Азия чемпионатында Шардаралық спортшылар 36 алтын иеленді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019 жылдың 6-11 маусым күндері Қырғызстанның Шолпан ата қаласында жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ересек спортшылар арасында армрестлингтен Азия чемпионатыны болып өтті.
Чемпионатқа Орта Азия мемлекеттерімен қоса Үндістан, Пакистан, Иран, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея сынды алпауыт мемлекеттерден спортшылар қатынасты.
12-14, 15-17, 18-20 жас аралығындағылар мен ересектер арасында өткен чемпионатта Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының негізі Түркістан облысы Шардара ауданының «Шардара-Армспорт» спорт клубының спортшыларынан құралды.
Армреслингтен әлемді мойындатқан Шардараның шарболат спортшылары бұл сайыста жеткіншектер арасында 10 алтын, жастар арасында 8 алтын, жасөспірімдер арасында 8 алтын және ересектер арасында 10 алтынға қол жеткізіп, Азия чемпиондарының санын отыз алтыға арттырды. Енді бұл спортшылар қазан айында Румыния елінде өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.