Бәйдібек ауданында "Шежірелі Шаян, берекелі Бәйдібек" атты форум өтті

0
2 316

1988-1990 жылдары Алғабас аудандық атқару комитетінің төрайымы қызметін атқарған Оразкүл Асанғазықызы мінберіге шығып, ауданның 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.


Бәйдібек ауданында

Аудандық жастар сарайында Бәйдібек ауданынан шыққан елімізге белгілі азаматтардың бас қосуына арналған «Шежірелі Шаян, Берекелі Бәйдібек» атты форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Форумда Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Түркістан облысы және Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы ЕркінбекТұрысұлы, қоғам қайраткері, облыстың және ауданның «Құрметті азаматы» Орынбай Рахманбердіұлы, облыс журналистикасында өзіндік орны бар азамат, Қазақстанның Құрметті журналисті Бәйділдә Қонысбек, Түркістан облысының, Сарыағаш, Бәйдібек аудандарының, Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы», 1988-1990 жылдары Алғабас аудандық атқару комитетінің төрайымы қызметін атқарған Оразкүл Асанғазықызы мінберіге шығып, ауданның 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Шараға қатысқан облыс басшысы Жансейіт Түймебаев құттықтау сөз сөйлеп, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарды облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Сонымен қатар форумда ауданымыздың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға да естелік сыйлықтар табыс етілді.