​Бәйдібекте латын әліпбиіне көшу жұмыстары талқыланды

0
1 387

Мақсаты - Елбасы бағдарлап берген межелерге жетуге ұмтылу, қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосу, латын қарпіне көшу мәселесіне тоқталу, жарқын болашаққа деген жүйелі жұмыстар жүргізу мәселесін талқылау. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.


​Бәйдібекте латын әліпбиіне көшу жұмыстары талқыланды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандық ауыл шаруашылығы және Жер қатынастар бөлімі қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты - Елбасы бағдарлап берген межелерге жетуге ұмтылу, қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосу, латын қарпіне көшу мәселесіне тоқталу, жарқын болашаққа деген жүйелі жұмыстар жүргізу мәселесін талқылау. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Дөңгелек үстелде жер қатынастары бөлімінің орынбасары Н.Оразов және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Қамбаров сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Айта кету керек, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», - деген еді. Бұл жолда латын әліпбиіне көшу - тиімді әрекет. Ол қазақстандықтардың ұлттық кодын сақтап, ұлт ретінде дамуға жол ашады.