​Бәйдібектіктер әкім мен уәкілдің қабылдауында болды

0
1 486

Тұрғындар газ, жол, тұрғын үй, жұмыссыздық мәселелері бойынша өздерінің ұсыныстарын айтып, көмек сұрады.


​Бәйдібектіктер әкім мен уәкілдің қабылдауында болды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов және Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Бақытбек Танагөзов жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, Ағыбет, Шаян ауылдық округінен алдын ала жазылған тұрғындар газ, жол, тұрғын үй, жұмыссыздық мәселелері бойынша өздерінің ұсыныстарын айтып, көмек сұрады. Аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған азаматтардың ұсыныстарын тыңдап, заң аясында жауап беріп, бақылауға алып, тиісті мәселердің мерзімінде орындалуы жөнінде өзінің орынбасарлары мен бөлім басшыларына және ауыл әкімдеріне тапсырды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішов аудан әкімдігінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау бөлмесінде бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді жеке мәселе бойынша қабылдады. Тұрғын үй мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы С.Арыстанбаевтың, ФБШ негізінде келесі жылы көтерілетін жалақы жөнінде аудандық мәслихаттың бас инспекторы Б.Нұралыұлының, біріктірілетін бөлімдердің мамандарын жұмысқа қабылдау мәселесі жөнінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ә.Абдуайтовтың қойған сұрақтарына заң аясында жауап берді.

Дереккөз: Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі