Бәйдібектіктер Тұңғыш Президент күнін тойлады

0
2 160


Бәйдібектіктер Тұңғыш Президент күнін тойлады

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының Ағыбет ауылындағы жаңаданан пайдалануға берілген мәдениет үйінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесінің аудандық іс-шарасы аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шараға қатысқан аудан басшысы Бақытбек Танагөзов аудан тұрғындарын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі қосқан үлесі үшін «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының фельдшерін және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін еңбек ардагерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Туған жерлестерінің қуанышымен бөлісуге келген айтыскер ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері Біржан Байтуов мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, өзінің жүрек жарды лебізін арнаумен жеткізді.
Шарада «Шаянға барсаң, әншімін деме» облыстық ән байқауының бас жүлде иегерлері Қ.Қасенов, М.Бөбеев жергілікті сазгер Жарылқасын Дәулеттің «Шаянды аңсау» әнін орындаса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен «Елбасы», «Жаңа ғасыр - Қазақстан», «Есілдің жағалауы», «Ауылым» және тағы басқа әндер орындап, ауыл тұрғындарының қошеметіне бөленді.