Баласын 7 млн. теңгеге сатып жатқан түркістандық ана ұсталды

0
453

2020 жылы туылған бала.


Баласын 7 млн. теңгеге сатып жатқан түркістандық ана ұсталды

Түркістанда бала сату дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында жас баланы жедел түрде сатуға әрекет жасау фактісін анықтады. Қылмыстық әрекеттердің жолын кесу үшін жиналған материалдар қалалық прокуратураның арыздар мен хабарламаларды тіркеу кітабына тіркелген. Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.

«Бірлескен жедел шаралардың нәтижесінде өзінің 2020 жылы туылған жас баласын сату және 7 млн. теңге көлемінде ақша алу кезінде 1994 жылы туылған әйел Е. ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген прокуратураның хабарламасында.