Бауыржан Байбек Түркістан облысына іссапармен келді

0
573

Ол алдымен Түркістанға келді.


Бауыржан Байбек Түркістан облысына іссапармен келді

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймақтарға сапары осы аптада Оңтүстік өңірде жалғасты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласына іссапармен келген «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек:

«Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыдан екі жыл бұрын Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған шешімі еліміз үшін үлкен тарихи оқиға болды. Түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі – киелі көне қала жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін алып құрылыс алаңына айналды. Қысқа мерзім ішінде түлеп, адам танымастай болып өзгерді. Таяуда ғана қаладағы жаңа нысандарды аралаған кезінде Елбасы айтқандай, «Түркістанның ауқымды құрылысы тұтас өңірдің экономикалық дамуына зор септігін тигізіп отыр». Сондай-ақ, ол тұрғындардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасаудың маңыздылығын да атап көрсетті. Бұл тапсырма партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты», - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Түркістан облысына сапар барысында жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге «Nur Otan» партиясының өңірлік және қалалық сайлауалды бағдарламаларының жобаларын талқылады.

Оның айтуынша, облыс тұрғындарынан 560-тан астам ұсыныс түскен. Оның ішінде ауыл шаруашылығын, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу және абаттандыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелері бар. Барлық өтініш зерделеніп, бағдарламаны пысықтау кезінде ескеріледі.