Биыл 7000-нан астам оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады

0
1 695

ERNUR.KZ.Қала сыртындағы жазғы лагерьлер балалар демалысы барынша ыңғайлы және қауіпсіз болуы керек.


Биыл 7000-нан астам оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады

ERNUR.KZ.Қала сыртындағы жазғы лагерьлер балалар демалысы барынша ыңғайлы және қауіпсіз болуы керек. Шымкенттің әкімі Н.Сауранбаев жауапты мамандарға осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Қалалық әкімдікте өткен жиында сөз болған мәселенің бірі мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру болды.

- Жазғы лагерьде демалу ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Бұл үшін барлық демалыс орнының санитарлық жағдайын саралап, қажетті нақты шараларды қабылдауға тиіспіз, - деді қала әкімі.

Айта кетейік, биыл шымкенттік 7000-нан астам оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады. Осыған орай қалалық білім бөлімінің жетекшілері балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастырудың нақты жоспарын таныстырды.

Айта кету керек, биыл шаһар бойынша 177 256 оқушы жазғы демалысқа шықты. Солардың 7241-і Ақсу, Арман, Үшбұлақ және Машат жазғы лагерьлерінде демалмақ. Бұдан бөлек, 30 мыңнан астам оқушы қаладағы мектептерде болады.

Осы мақсатта 113 демалыс алаңшасы ұйымдастырылады, оның 61-де оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жаз бойы қаладағы аула клубтарының да жұмысы жанданбақ. Яғни, оқушылар өздерінің сүйікті спорттық ойындары мен түрлі өнер үйірмелеріне қатыса алады.