«Болашаққа кітаппен» атты іс-шара ұйымдастырылды

0
1 648

Созақ ауданындағы Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде Рухани жаңғыру аясында өткен білім жарыстарында белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.


«Болашаққа кітаппен» атты іс-шара ұйымдастырылды

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және іске асыру мақсатында іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тəрбие жəне білім» кіші бағдарламасының жұмыс жоспарына сəйкес «Саналы азамат» балалық бағытының «Кітап білім бұлағы» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі оқушыларының арасында өткен мектепішілік іс-шараның мақсаты – білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы жайлы түсіндіру және баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Кітап оқу әдетін қалыптастыруға бағытталған «Болашаққа кітаппен» атты кітап оқу жарысында белсенділік танытқан, тақырыпқа сай қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін мүдірмей жатқа айтқан оқушылар мектеп директоры А. Өтебаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Табиғатты аялайық» атты суретшілер байқауы да ұйымдастырылып, белсенділік танытқан оқушыларға марапат қағаздары тапсырылды.