​«Бұл – Шымкент!»: Банкоматқа бойы жетпеген шымкенттіктер қиналып жүр (видео)

0
1 826

ERNUR.KZ. «Айлық түсті» деп қуанып жүрген кейбір шымкенттіктер бір ай бойы тапқан таянғанын банкоматтан шешіп аларда бас қатырып жүр.


​«Бұл – Шымкент!»: Банкоматқа бойы жетпеген шымкенттіктер қиналып жүр (видео)

ERNUR.KZ. «Айлық түсті» деп қуанып жүрген кейбір шымкенттіктер бір ай бойы тапқан таянғанын банкоматтан шешіп аларда бас қатырып жүр. INSTAGRAM желісінде @a.ussipbayeva деген атпен тіркелген аккаунт қолданушысы мына бір оқиғаны видеоға түсіреді. Видео желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Онда бойжеткен банкоматтан ақша шешіп алу үшін қабырғаның аяқ тірелетіндей қосымша тұсына мініп алған ер кісіні видеоға түсіріп, банкомат орнатарда бойы қысқа адамдарды неге ойламайды деп шағымын айтады. Тіпті көрген көрінісіне өзі күліп жібереді. Видеоны көрген INSTAGRAM желісі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі ер кісінің сыртынан видеоға түсріп, оның бойының қысқалығын мазақ еттің деп авторды сөксе, келесі бірі бойжеткеннің шағымын қолдады. «Банкомат ыңғайсыз қойылған болса қайтсін енді?», «Осы терминалдар расымен де ыңғайсыз. Биік, сосын күн түсіп тұрады, ештеңе көрінбейді», «Ол банкоматтан ақша алу тым қиын», «Бізде де бар осындай банкоматтар. Анаған жету қиын. Тіпті өкшеңді көтеріп, жете алмай, ақшаңды кәдімгідей қиналып әзер аласың. Өздерінен сұрасаң, қауіпсіздік техинкасы дейді. Бұл мазақ ету техникасы меніңше», «Рас қой, бізде де осындай банкоматтар бар. Аяғымыздың астына кірпіш іздеп жүреміз сол ақшамызды шешіп алу үшін» деп жарыса жазды желідегілер.

Айтпақшы, қолданушылардың басым көпшілігінің жазуы бойынша, тұрғындарды әбігерге салып жүрген банкомат Шымкент қаласы, «Нұрсәт» мөлтекауданындағы «Жаңалық» дүкенінің маңында орналасқан екен.

Видео: желіден алынды