Дархан Сатыбалды нысандардың құрылысын қадағалады

0
555

Сметалық құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын мешіт шаһардағы маңызды орталықтардың біріне айналмақ.


Дархан Сатыбалды нысандардың құрылысын қадағалады

Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы нысандардың құрылысын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңір басшысы Түркістанда салынып жатқан «Қылует» рухани орталығының құрылыс алаңында болды. Бұл орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынып жатыр. Сметалық құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын мешіт шаһардағы маңызды орталықтардың біріне айналмақ.


Сәулеті мен маңызы ерекше нысан 0,95 гектар аумақта орналасқан. Рухани орталықтың көлемі – 2950 шаршы метр. 2021 жылы құрылысы басталған жерасты мешіті 2024 жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде. «Қылует» – Түркістандағы жерасты мешіті, рухани-мәдени орталық. Мешіттің көлбей орналасқан дөңгелек шатыры кәдімгі ай формасындағы жарықпен көмкеріліп, оған жасанды газон жабылады. Бұл қала көркіне ерекше рең қосары анық. Жарқырай көрінген айдың сұлбасы түнде қаланың кіре берісінен арнаулы белгі сияқты көрінеді. Құлшылық залы 500 адамға есептелген.


Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырып, сапаны басты назарға алуды жүктеді. Нысанның сәулет үлгісіне қазақтың ою-өрнектерін салуды ұсынды.


Одан соң Дархан Сатыбалды «Keruan City» ЖШС-нің тапсырысымен салынып жатқан үйлердің құрылыс алаңында болды. Бұл құрылыс екі кезеңге бөлінеді. Бүгінде 1 кезең бойынша 12 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биылғы тамыз айында 5 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Ал 2 кезең бойынша 15 үйдің құрылысы 2025 жылдың сәуір айында аяқталмақ. Жалпы блоктар саны – 27.


Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары 40 пайызға, монолитті жұмыстары 15 пайызға орындалды. Мұнда 130 жұмысшы және арнайы 15 техника жұмылдырылған. Жобалаушы мекеме – «Tauan Project» ЖШС. Жалпы ауданы 65258,74 м2 құрайтын ғимараттың бас мердігері –«Ariba Construction Company» ЖШС.