«Ел тірегі – Елбасы» акциясы Сайрам ауданында жалғасты

0
2 379

2000 аз қамтылған отбасын қамту жоспарланған.


«Ел тірегі – Елбасы» акциясы Сайрам ауданында жалғасты

Түркістан облысында «Ел тірегі – Елбасы» акциясы жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында «Халық» қайырымдылық қоры тарапынан Түркістан облысы бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 2000 аз қамтылған отбасын қамту жоспарланған.

Аталған акция шеңберінде Сайрам ауданындағы аз қамтылған, кәмелет жасқа толмаған мүгедек балалары бар 208 отбасына әр себеті 50 келіні құрайтын азық-түлік жиынтығы таратылды.

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының үйлестіруімен жүріп жатқан шара барлық ауыл округтерін қамтып отыр. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аз қамтамасыз етілген отбасылар саны анықталып, белсенді партия мүшелері тиісті азық-түліктерді таратуда.

Атап айтқанда, Ақсукент ауылдық округінде – 37 отбасы, Жібек Жолы – 17 отбасы, Манкент – 23 отбасы, Арыс – 11, Қайнарбұлақ бойынша 24 отбасы, Қарабұлақта 28 отбасы, Қарамұрт ауылдық округінде ауылы – 23 отбасы, Қарасу – 12, Көлкент – 12, Құтарыс – 11 және Ақбұлақта 10 отбасына қамтылды.