Елбасы «RIXOS TURKISTAN» қонақ үйіне барды

0
1 021

Жүзден астам жұмыс орнын ашып берді.


Елбасы «RIXOS TURKISTAN» қонақ үйіне барды

Түркістанға келген тұңғыш президент жаңа қонақ үймен танысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының орталығында орналасқан 120 орындық жаңа қонақ үй кешенімен танысты.

Аталған кешен қонақ үй қызметін көрсетуде жоғары стандарттарды қатаң сақтайтын «Rixos» халықаралық қонақ үй желісінің бөлігі болып табылады.

Әлемдік деңгейдегі қонақ үй отандық инвестордың қаражатына салынып, қала тұрғындары үшін жүзден астам жұмыс орнын ашып берді.