​Елбасы туралы фильм келестіктерді кемел болашаққа жетеледі

0
2 050

Фильмнің көрсетілімі Келес аудандық мәдениет үйінде болды.


​Елбасы туралы фильм келестіктерді кемел болашаққа жетеледі

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғындары «Елбасы жолы. Астана» атты Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді тамашалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмнің көрсетілімі Келес аудандық мәдениет үйінде болды.

Шығармада елорданың Алматыдан Астанаға көшуі, сол тұстағы қиындықтар, жаппай құрылыс пен мемлекет құрудағы ілгері істер суреттелген. «Елбасы жолы. Астана» фильмі ел өмірінде болған оқиғаның желісінде түсірілген. Тәуелсіздік алған тұстағы экономикалық қиындықтар, жұмыссыздық, Президент айналасындағылардың алдағы күнге деген сенімсіздігі кинода айқын бейнеленген.

Елорда тарихынан сыр шертетін фильм аудан тұрғындарының елімізге деген жанашырлығын оятса, ал жастардың бойына отансүйгіштік пен ынтымақты, бірлік пен татулықты дарытты. Астанамыздың, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың және Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихи даму жолын айқын, ашық және жан-жақты баяндалған көркем фильмнің қойылымын Келестіктер шынайы қызуғышылықпен тамашалады.

Естеріңізге сала кетейік, киноның авторы белгілі режиссер Ақан Сатаев. Ал фильмдегі басты рөлдерде Мұрат Ахманов, Жан Байжанбаев, Олег Ли, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова сынды белді актерлар ойнаған.