«Елбасы жолы. Астана» фильмі созақтықтардың көңілінен шықты

0
1 973

Қазақстанның тәуелсіздіктің 27 жылында жүріп өткен даңғыл жолы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы бейнеленген кинокартинаны тамашалауға көп адам келді.


«Елбасы жолы. Астана» фильмі созақтықтардың көңілінен шықты

17 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Түркістан облысы, Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде, «Астана. Елбасы жолы» фильмі аудан тұрғындарының назарына ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ата-бабамыздың армандап, ұрпағы қол жеткізген қасиетті де, қадірлі күні созақтықтардың назарына ұсынылған кинотуындыны тамашалау үшін ауданның орталық мәдениет үйіне жиналғандар көп болды.

Еліміздің жеткен жетістіктерінің оңайлықпен келмегені, Қазақстанның даму жолында қиын-қыстау кезеңдерді өткергені, бұл жолда Президенттің көшбасшылығы мен көрегенділігі көрсетілу арқылы Тәуелсіздікке құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан ардагерлері, білім және медицина саласының мамандары, аудан тұрғындарымен бірге аудан басшысы да қатысты.

Фильм Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырған Елбасының өмір тарихы мен Астана тарихына негізделіп түсірілген. Қысқаша айтқанда, кинокартинада Қазақстанның тәуелсіздіктің 27 жылында жүріп өткен даңғыл жолы және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы бейнеленген.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Сатайфильм» киностудиялары түсірген. Кинотуындының түсірілуіне Қазақсан Республикасының режиссері Ақан Сатаев жетекшілік еткен.

Фильмнің басты кейіпкері – мемлекеттік қызметкер. Ол Елбасының қасында жүріп өткенін еске алады. Нұрсұлтан Назарбаевтің рөлін белгілі актер Мұрат Ақманов сомдаған, ал президенттің дауысын Ерлан Қасымжанұлы айнытпай сала білген.

Басты рөлдерде Мұрат Ахманов, Жан Байжанбаев, Олег Ли, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова ойнайды.

Кинотуынды созақтықтардың көңілінен шықты.