Елімізде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың І кезеңі аяқталды

0
1 240

Облыс бойынша цифрлық жерсеріктік және эфирлік желілері бойынша қосылған абоненттер саны 362 мыңнан асатынын жеткізді.


Елімізде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың І кезеңі аяқталды

ҚР Үкіметінде селекторлық жүйеде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мәселелері қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министр Б.Сағынтаев аймақтарды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуді дер кезінде қамтамасыз етуді тапсырып, цирфлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің маңызы зор екендігіне тоқталды. Бұл ірі әлеуметтік жоба. Сондықтан да оған үйлескен түрде мониторинг жүргізу қажет. Ақпарат және байланыс министрлігі осыған байланысты өңірлермен бірлесе отырып цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуді уақытылы өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу туралы есеп берген ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев осы жобаны енгізу арқылы халықтың басым бөлігі, оның ішінде аудандар мен қалалардан алыс елді-мекендердің тұрғындары жоғары деңгейдегі дыбыс және бейне, сондай-ақ, телеарналардың санын әжептәуір көбейтуге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Осы стандартқа толық ауыссақ қазақстандықтар облыс орталықтары деңгейінде 30-ға жуық телеарнаны, ауыл және аудан орталықтарында 15-ке жуық отандық телеарнаны цифрлық сапада тамашалай алады. Яғни, отандық арналар арқылы халық өздеріне қажеттің ақпарат пен бағдарламаларға қол жеткізеді. Отандық пакетте жаңалық, балаларға арналған, мәдениет, кино, спорт сияқты түрлі арналар болады.

Аймақтармен өткен селекторлық отырыста Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев баяндама жасады. Аймақ басшысы бүгінгі таңда аталған жұмыстарды атқару аясында облыс бойынша цифрлық жерсеріктік және эфирлік желілері бойынша қосылған абоненттер саны 362 мыңнан асатынын жеткізді.

«Аналогтық эфирлік телехабар таратудың өшірілуіне байланысты, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған орай, цирфлық эфирлік теле-, радио хабарларын таратуға көшудің бірінші кезеңі бойынша Түркістан облысы осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін көшу жоспарланған. Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Түркістан облысына тиесілі радиотелевизиялық станцияның (РТС) қазіргі таңға 78-і салынып, қалған 1 РТС-тің құрылысы 2018 жылдың қараша айында аяқталады», - деді әкім.