Еліміздегі алғашқы дәнекерлеуші-робот Түркістан облысында іске қосылды

0
656

6 адамның жұмысын істейді.


Еліміздегі алғашқы дәнекерлеуші-робот Түркістан облысында іске қосылды

Кентау қаласында Қазақстандағы алғашқы дәнекерлеуші-робот іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» Акционерлік Қоғамының өндіріс орнында бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық «Yaskawa Motoman» дәнекерлеуші-роботы іске қосылды. Құны 200 млн теңгеден асатын роботтың басты міндеті – трансформаторларды дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу. Бір дәнекерлеуші маманның 8 сағатта атқаратын жұмысын робот 20 минут ішінде орындап шығады.

«Yaskawa Motoman» роботы Жапонияда ойлап табылған. Алайда Швецияда құрастырылып, Украина мемлекетінде арнайы өндіріске лайықты бағдарламасы енгізілген. Роботпен жұмыс істеу үшін Кентаудағы зауыттан 3 маман Украина мемлекетіне барып, арнайы іс-тәжірибеден өтіп келген екен. Болашақта зауытты тағы да осындай роботтармен толықтыру жоспарланып жатыр. Айта кетерлігі, бұл дәнекерлеуші-робот Қазақстанда іске қосылған ең алғашқысы болып отыр.

Атап өтсек, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өндіріс орнында 1300-ге жуық маман жұмыс істейді. Жылына зауыт 26 млрд теңгенің өнімін өндіріп отыр.