Есірткіге еліткен 166 тұлғға қылмыстық жауапкершілікке тартылған

0
955

Өткен жылы есірткі бойынша 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Есірткіге еліткен 166 тұлғға қылмыстық жауапкершілікке тартылған

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков айтып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Есірткі - бұл ғасыр дерті. Онымен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, алайда оны пайдаланып, тұзағына түсіп қалатындар аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері де көбейген. Өткен жылы есірткі бойынша 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Айта кететін жайт, бұл індетпен біз қоғам болып күресуіміз қажет. Өсіріп отырған ұл-қыздарымызға тәрбие беру барысында есірткінің зияндылығын айтып, түсіндіріп, мүмкіндігінше алдын алғанымыз жөн" - деді Қ.Дәлбеков.
Айта кетейік, Полиция қызметкерлерінің жыл бойына жүргізген есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижесінде есірткі бойынша 397 қылмыстық құқықбұзушылық, есірткі егудің 54-жайты, сақтаудың 68-жайты анықталған. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты алынса, 2 кг-ға жуық героин тәркіленді.