​Гір тасын көтеруден күш сынасқан түлкібастық жасөспірімдер марапатталды

0
1 568

Түлкібастық жасөспірімдер спорт саласына ден қойған.


​Гір тасын көтеруден күш сынасқан түлкібастық жасөспірімдер марапатталды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында спорттық сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне сілтеме жасап.

Түлкібас ауданында қарасты М.Жәрімбетов ауылындағы Алғабас спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған гір тасын көтеруден жасөспірімдер арасында аудандық турнир өткізілді.

Аталған жарысқа Түлкібас ауданындағы мектептерден 15 команда қатысты. Кіл мықтыларды анықтайтын бәйгеге қатысушылар 9 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, шеберлік деңгейлерін дәлелдеді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Турнирдің жеңімпаздарын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары құттықтап, алдағы уақытта да спорт түрлерінің биік шыңынан көрінетіндеріне сенім білдірді. Ақылды күшке салатын сынға қатысқан спортшыларға арнайы медаль мен диплом табысталды.

Жарысқа келген қонақтар білегінің күші мен мықтылығын көрсеткен жасөспірімдерге алда өтетін жарыстарда биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдірді.