Грек-рим күресінен Түркістан облысының чемпионаты өтті

0
346

Чемпионатқа 14 команда, 400-ден астам балуан қатысты.


Грек-рим күресінен Түркістан облысының чемпионаты өтті

Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Түркістан облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Түркістан облысының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 14 команда, 400-ден астам балуан қатысты. Нәтижесінде 15 жасқа дейінгі кіші жасөспірімдер арасында командалық І-орынды Сайрам ауданының құрамасы иеленді. Ал жүлделі ІІ-орынды Б.Саттарханов атындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектеп-интернат-колледжі, ІІІ-орынды шардаралық балуандар еншіледі.


Сондай-ақ, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Б.Саттарханов атындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектеп-интернат-колледжінің шәкірттері І-орынды жеңіп алды. ІІ-орынды Сайрам ауданының балуандары, ІІІ-орынды түркістандық спортшылар иеленді. Күрес бәсекесінде топ жарған саңлақтар ел чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.