Иті төбелестен жеңіліп қалған түркістандық жігіт 29 жастағы жерлесін атып тастады

0
3 470

Керісіп қалған жігіт Қанаттың басынан екі рет балтамен ұрған.


Иті төбелестен жеңіліп қалған түркістандық жігіт 29 жастағы жерлесін атып тастады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында ит төбелестіргіштер текетіресі кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазанның 18-не кешкі сағат 19-00 шамасында Қанат есімді түркістандық жігіт 30 жас шамасындағы 7-8 жігітті жинап ит төбелестіріп, қызығына батқысы келеді. Қанат пен Нұрболдың иттері төбелесіп, Қанаттың иті жеңіліп қалады. Иті жеңіліп жатқанда ашулана кеткен Қанат сол жердегі сегіз жігіттің бірімен сөзге кеп, кикілжің туған.

Керісіп қалған жігіт Қанаттың басынан екі рет балтамен ұрған. Онымен қоймай, Қанат үйіне кіріп кеткен сәтін пайдаланып, оның көлігінің терезесін сындырып қашып кеткен. Ашуға булыққан Қанат шолақ мылтығын алып көше қиылысынан өзін ұрып кеткен Сұлтанғалиды күтіп тұрған. Сөйтіп көкірек тұсынан бір рет атып 29 жастағы жігітті өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Түркістан қалалық ішкі істер басқармасы қанды оқиғаға қатысты ҚР ҚК нің 99 бабы, 2 бөлігі, 9-шы тармағымен қылмыстық іс тіркеген. Ашуға бой алдырып жасы отызға да толмаған жерлесін жер жастандырған күдіктіні тәртіп сақшылары 19 қазан күні қолға түсірген.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде күдікті өз жауабын сотта қуаттаған. Түркістан қалалық тергеу сотының санкциясымен күдікті Қанат тергеу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды.