Қарт Қаратау етегіндегі сырлы Созақ ауданы 90 жылдығын тойлап жатыр

0
5 231


Қарт Қаратау етегіндегі сырлы Созақ ауданы 90 жылдығын тойлап жатыр

Қасиетті Түркістанның солтүстігіндегі әкімшілік-аймағында орын тепкен Созақ ауданына 90 жыл толып отыр. Осыған орай сырлы Созақ жерінде аталған ауданның торқалы тойы тойлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан 1928 жылы қаңтар айыңда осы өңірді мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Ол кезде 12 мың тұрғын болса, қазіргі таңда 61 183 халық, 15 ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Аудан аумағындағы 35 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы Шолаққорған ауылы. Созақ - Ысқақ баб, Баба Түкті Шашты Әзіз, Қарабура, Саңғыл би әулиелердің мәңгілік мекені. Бұл өңір, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы Қазақстанның киелі жерлерінің жобасын енген «Таңбалы тас» ескерткіші, Хақназар хан, ҚарабураБаба Түкті Шашты Әзіз кесенесі, Созақ қалашығы сынды құнды дүниелері бар.

«Созаққа барсаң күйшімін деме..» деп заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай,киелі өнер қонған өлкеден Тоқа, Бапыш, Сүгір Әліұлы, Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров сияқты дарынды күйшілер, дүлдүл айтыскер мен ақындар жазушылар Құлыншық Кемелұлы, Сәуірбек Бақбергенов, Құлжабай Төлеуов, Тәкен Әлімқұлов, Асқар Сүлейменов Бәтима Батырбекова, әйгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, кейінгі толқын саналатын жастардан эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Жұбаныш Жексенұлы, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып туып өскен, құт қонған өлке.Торқалы 90 жылда аудан айтарлықтай мол жетістікке жетті. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан.

Мерейтойға келген қонақтарды аудан әкім С. Полатов орталық алаңда қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді. Мерейлі мерекені тойлау әлеуметтік нысандарды ашумен басталды. Балдысу, Раң ата, Шаға, Ақсүмбе елді мекедерінде 4 медициналық пункіт, Шолаққорған, Сызған, Жуантөбе, Жартытөбе ауылдарымен Қызылкөл елді мекенінде жарықтандыру іске қосылды.Жартытөбе, Қарақұр ауылдарынан саябақ ашылды. Құмкент ауылынан зәулім спорт ғимараты, Құмкент, Жартытөбе, Шолаққорған, Таукент кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы, Қызылкөл елді мекенінде кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Сондай-ақ Шолаққорған ауылында «Айжан» бөбекжай- балабақшасымен тұрмыстық техника және электроника сататын «Жібек жолы» тechnodom сауда үйі ашылды. Елімізге танымал ақындардың қатысуымен республикалық «Сырлы Созақ» тақырыбында ақындардың айтысы өтті. Аудан әкімі С. Полатов, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына еңбек сіңіргенбірқатар азаматтарға Созақ ауданының Құрметті азаматы атағын табыс етті.

Созақтың Қаратау сілемдерінің теріскейінде орналақан. Армения патшасы Бірінші Гектум 1254 жылы Моңғолияға барған сапарында Қаратаудың солтүстік етегінде жатқан Саудакент, Шолақорған, Созақ, Ақсүмбе сияқты қалалар мен елді мекендерінен өткендігін жазған. Қаратаудың теріскей өңіріндегі адамдар ерте мезолит пен неолит дәуірінде мекендегендігі жайлы мәліметтер Бүркітті өзені, Қойтас сайы, Жуантөбе, Тасты ауылы маңдарында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған.

Созақ өз тарихында бірнеше хандықтың ордасы болған. Ұлы Жібек жолының Теріскейдегі Баба ата- Құмкент- Созақ пен Шолақорған дамыған сауда орталығына айналған. «Елім-ай» əніндегі “Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді” деген Ақтабан Шұбырынды әнінің шығу тарихы да, Созақтың қандай жаугершілік заманды басынан өткергендігін білдіреді.
Созақ жерінің тарихын айтқан кезімізде «Созақ» сөзінің атауына да мән беріп кету керек. Себебі, Созақ жері қасиетті жер, мұнда бірнеше әулиелер өткен, аты аңызға айналған Созақты неше түрлі аңыздар кезіп жүр. «Созақ» сөзі ескі кітап жазбаларында да кездеседі және онда ол Хунзак Туркте «Ұзақ Жер», «Ұлы жер» деген мағынаны білдіреді.
Ескі түркі тілінде Созақ "Халық тұратын мекен", "Манзилгох" деген мағынаны білдіреді. Бірақ, Созақ атауының қалай шыққандығы туралы нақты деректер жоқ.
Сахаралы сырлы Созақ даласы қазақ деген ұлттың түп-тұқиянынан бірге келе жатқан бауырлас егіз ұғымы іспетті. Қазақ-Созақ ұғымының егізділігі, туыстастығы туралы тарихшы Қойшығара Салғараұлы да «Қазақтың қилы тарихы» атты еңбегінде жазған.

Созақ ауданы құрылған соң 1930 жылы Созақ көтерілісі болды. Ашаршылық жылдары нәубатты басынан өткерді. Екінші дүниежүзілік соғысқа 6000 астам азаматтарын жіберіліп, 862 сарбаз бейбіт өмірге оралды. 1960 жылдары 40 шағын колхоздар бірігіп іріленген 10сохвоз құрылды. Кеңес Одағы тұсында республикада ең артта қалған 30 ауданның қатарында агарлы аудан болған. Теріскей өңірі Тәуелсіздік алған соң түлеп сала берді. Жаңаданмектептер менмедицина мекемелер,балабақшалар мен шағын орталықтар, мәдени ошақтар салынып, заманауи үлгіде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер жаңарып, ауыл, елді мекендердегі ішкі және күре жолдар жөнделді. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, индустриалды аймақ өркен жайды.

Биылғы жылы ауданға 8 айдың қортындысымен 22 млрд 506 млн инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызға немесе 1 млрд 593 млн теңгеге артты.

Өңіріміздегі жер асты қазба байлықтарының мол көзі ашылып, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының 9 қуатты кәсіпорны жұмыс істейді. Оған қажетті бөлшектер шығаратын аудандағы индустриялды аймақтажалпы құны 1 млрд. 204 млн. тг құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізуде. Биылғы жылы индустриалды аймақта 644,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, аудандық бюджетке 41 млн. 300 мың. теңге қаржы түсті. Алдағы уақытта, инудстриялды аймақта «тұз өңдеу», «күн электрстанция», «Асыл металлдар өңдеу зауыты» жобасы, «тас көмірді өңдеу» зауыты іске қосылады.

Осындай үлкен кәсіпорындар, отандық және шет елдік инвсторлар, аудан экономикасының локомативіне айналды.

Бүгінде Созақ ауданы өндірісі өрлеген, шаруашылығы шалқыған облыстағы аграрлы индустриялды көшбастаушы аудан..

Мерекелік жиын орталық иппадромда жалғасып, көкпар, бәйге, қыз қуу сынды ұлттық ойындар өтті. Бәйгемен көкпар жеңімпаздарына 2 жеңіл автокөлігі тігілді. Мерекелік кеш «Достар» стадионында жалғасы республикаға, облысқа танымал және аудандық әншілердіңгала концертімен жалғасады.