Қ.А.Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

0
432

Факсимильді көшірменің жекелеген беттері блок түрінде тігілген.


Қ.А.Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды.


«Рисала Мират әл Кулуб» кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған. Қолжазба «Диуани хикметке» қарағанда проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды. Қазіргі уақытта мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеуде.


Кітапты түптеу жұмыстары 3 аптаға созылды. Факсимильді көшірменің жекелеген беттері блок түрінде тігілген. Мұқабаға 3 мм картон қағазы мен ашық қоңыр түсті былғары қолданылған.


Қолжазбаның ХІІ ғасырдағы түпнұсқасы ҚР Ұлттық кітапханасында сақталған.