Қазақстан азаматтығын сатпақ болған басшының ісі сотта қаралатын болды

0
1 131

Осы жылдың сәуір айында қамауға алынған бұрынғы ОҚО көші-қон полициясының экс басшысы Нұрдәулет Төлегенұлы өз кінәсін толық мойындаған.


Қазақстан азаматтығын сатпақ болған басшының ісі сотта қаралатын болды

Бұрынғы ОҚО көші-қон полициясы бастығының ісі сотта қаралатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ІІД көші-қон полициясының экс-бастығы Нұрдәулет Төлегенұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеліп аяқталды. Іс материалдары Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотына тапсырылған. Аталған іс бойынша судья Еркебұлан Төлешов төрағалық етеді.

Судья басты сот қарауын 25 маусымға белгілеп отыр. Айта кетейік, сот процесі ашық және орыс тілінде өтетін болды. Қазіргі таңда экс-басшы Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Сотқа полковникті күзетпен әкелетін болады.

Осы жылдың сәуір айында қамауға алынған бұрынғы ОҚО көші-қон полициясының экс басшысы Нұрдәулет Төлегенұлы өз кінәсін толық мойындаған.