Қазақстан жазушылар одағы Түркістан облысы филиалының төрағасы сайланды

0
2 162

Қазақстан жазушылар одағы Түркістан облысы филиалының төрағасы болып, ақын Әлібек Шегебай сайланды.


 Қазақстан жазушылар одағы Түркістан облысы филиалының төрағасы сайланды

Бүгін Түркістан облысында Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалы құрылып, төрағасы сайланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі

Түркістан облысы жазушыларының өткен басқосуында Түркістан облысында Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып Әлібек Шегебай сайланды.

Әлібек Шегебай, 1974 жылы, 11 наурызда дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі.1997 жылы М. Әуезовтың 100 жылдығына орай ҚазҰУ- де өткен республикалық студент жастардың жыр мүшайрасында бас жүлдені жеңіп алады.Содан бері де бірнеше жыр бәйгелерінде жүлделі орындарды иемденді.1998 жылы Республикалық «Жалын» журналында жарық көрген өлеңдер топтамасына Т. Айбергенов атындағы сыйлық берілді. 2002 жылғы Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Шығармашылықтағы жетістіктері үшін 2004 жылы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды. 2016 жылғы Халықаралық «Ататүрік» медальінің иегері. 2001 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген. «Алакеуім», «Әйнекке түскен Ай сәуле», «Ақ қауырсын», «Ақ жауын» атты өлең кітаптарының авторы.