Қазақстанда еркектердің импотенцияға шалдығуы төмендеген

0
1 456

Республикамызда ер кісілер арасында импотенцияға шалдығу көрсеткіші 57 пайыздан бірден 17 пайызға азайған.


Қазақстанда еркектердің импотенцияға шалдығуы төмендеген

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қазақстанда белсіздікке шалдыққан ерлердің саны төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ер кісілер арасында импотенцияға шалдығу көрсеткіші 57 пайыздан бірден 17 пайызға төмендеді",- дейді еліміздің бас урологы Мырзакерім Алшынбаев.

Білікті маман бүгін Түркістан облыстық клиникалық аурухана базасында шеберлік сабағын өткізіп, жетекші дәрігерлермен тәжірбие алмасты. Бас уролог елімізде ерлер денсаулығын жақсарту жылдан жылға жақсарып келе жатқандығын алға тартты.

Қазір Қазақстанадағы барлық облыста ерлер денсаулық мектебі жұмыс істейді. Мұндай орталық елімізде бірінші болып 2012 жылы облыстық клиникалық аурухана базасында ашылған болатын. Жеті жылдан бері мұндағы мамандар 18 мың ер кісі медициналық тексеруден өткізген.