Қазақстанға есірткі өткізбек болған азамат сотталды

0
1 752

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының үкімімен есірткі өткізбек болған өзбекстандық азамат сотталды.


Қазақстанға есірткі өткізбек болған азамат сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан ірі көлемдегі есірткі затын алып өтпек болған 20 жастағы Өзбекстан елінің азаматы сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өткен жылдың, яғни 2018 жылдың қыркүйек айында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы «Қапланбек» кеден бекетінен өтпек болған Өзбекстан Республикасының 20 жастағы азаматының қалтасынан есірткі заты табылғанболатын. Арнайы сараптамалар нәтижесінде құрықталған қылмыскердің қалтасынан табылған заттың гашиш атты есірткі екендігі анықталған. Сотталушыға ҚР ҚК нің 286 бабы, 2-ші бөлігі, 5-ші тармағымен және 296 баптың 3-ші бөлігімен айып тағылып, кінәлі деп танылды. Қылмыскер Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының үкімімен осы баптар бойынша түпкілікті 7 жылға темір торға тоғытылды.