Қазақстанның Тұңғыш Президенті әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысымен танысты

0
901

Елбасыға туризм индустриясын дамыту жобасы таныстырылды.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысымен танысты

фото: elbasy.kz

Елбасы Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында болып, Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығын қайта құру жұмыстары бойынша аралық нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауының жұмысы туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, Елбасыға туризм индустриясын дамыту, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жобалар таныстырылды. Қазақстанның Тұңғыш Президентіне болашақ «Түркістан» халықаралық әуежайының және 600 орындық көпбейінді аурухананың үлгілері көрсетілді.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс орталығында инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нәтижелері туралы мәлімет ұсынылды.

дереккөз: elbasy.kz