​Келес ауданында медициналық сақтандыру жұмыстарын түсіндіру туралы кеңес өтуде

0
2 019

Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға болады. Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ.


​Келес ауданында медициналық сақтандыру жұмыстарын түсіндіру туралы кеңес өтуде

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына түсіндірме жүргізуге арналған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 80 қадамын, ҚР Президентінің 10.01.2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауының 7 бағытында көрсетілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы өзекті мәселелер, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу жайлы жиын өтті.
Жиынға «Міндетті медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ-ның Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Сейсенбайұлы, Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев, Келес ауданының тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтар, әкімшілік қызметкерлері, мұғалімдер, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі және мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері қатысты.
Жиында «Міндетті медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ-ның Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Сейсенбайұлы баяндамасында: Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр.
Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға болады. Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ.
Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.