​Келес ауданының әкімі қарияларға емдеу-сауықтыру орталығына жолдама берді

0
2 791

«Қариялар біздің – шежіреміз» атты мерекелік іс-шара өтті.


​Келес ауданының әкімі қарияларға емдеу-сауықтыру орталығына жолдама берді

Халықаралық қарттар күні меркесіне орай, Келес ауданы Абай ауылы «Нұр қожа» мейрамханасында Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қариялар біздің – шежіреміз» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жиында сөз алған аудан әкімі Ақментай Үсенұлы қарияларды төл мерекелерімен құттықтап, азаматтарға алғыс хат табыс етті. Бірқатар қарияларға емдеу-сауықтыру орталығына жолдама берді.

Мерекелік дастарханға ауданда абыройлы еңбек етіп, ерекше қажыр-қайратымен көзге түскен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар жиналды.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әсем әнмен қариялардың көңіл күйін көтерді.