Келестегі ауыз су мәселесі аудан әкімінің назарында

0
1 585


Келестегі ауыз су мәселесі аудан әкімінің назарында

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауыз су мәселесі бойынша Ақтөбе ауылдық округіндегі Ынтымақ елдімекеніне барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Ынтымақ ауылында ауыз су мәселесі өзекті екенін жазған болатынбыз. Сол себепті, аудан басшысы Ақментай Есбаев ауылға барып ауыз суынан тапшылық көрген және көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырған 50-60 үй тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады. Аудан басшысы елдімекен тұрғындарының барша сұрақтарын тыңдай отыра, айтылған мәселелер бойынша өзінің жеке қадағалауына алатынын жеткізді.

Кездесу нәтежиесінде, Ақтөбе ауылдық округінің әкіміне аталмыш мәселелер бойынша Ынтымақ елді мекенінде жасалып жатқан жұмыстар жайлы тұрақты түрде мәлімдеме жасауды тапсырды. Сонымен қатар, тиісті салаға жауапты мамандарға жұмыс жасауды жүктеп, орындалуын аудан әкімі аппаратына тапсырды.