​Кентауда 1 жасар сәби терезеден құлап мерт болды

0
1 859

Баланың терезеге шығып кетпеуі үшін үй жиһаздарын терезенің қасына қоймаңыздар; терезе қасында орналасқан төсек орын мен басқа да жиһаздың үстінде секіруге жол бермеңіздер.


​Кентауда 1 жасар сәби терезеден құлап мерт болды

Кентау қаласында көпқабатты үйден үлкендердің қарауынсыз қалған 1 жастағы сәби құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Сейфулин көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан орын алған.

Осыған байланысты ҚР ІІМ ТЖК азаматтарды кішкентай балаларды үлкендердің қараусыз қалдырмауға шақырады.
«Баланың терезеге шығып кетпеуі үшін үй жиһаздарын терезенің қасына қоймаңыздар; терезе қасында орналасқан төсек орын мен басқа да жиһаздың үстінде секіруге жол бермеңіздер», - дейді ҚР ІІМ ТЖК қызметкері.
Жыл сайын байқаусызда биіктен құлап, қаншама бүлдіршін өмірден озады. Көп ата-ана ашық тұрған терезенің балалар өмірі үшін қауіпті екенін ескермейді.
Ашық терезеден құлап кету, әсіресе, ірі қалаларда балалардың бас соққысын алу мен басқа да төтенше жағдайдың бірден-бір себебі
Кішкентайларлар бәрін ұстап көргісі келеді, тіпті терезе тұтқасын да!
Сондықтан балаңызды қараусыз қалдырмаңыз.