Кентауда "Мейірімділік - ізгіліктің нұры" атты мерекелік іс шара өтті

0
1 560

Қаланың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды алыс хаттармен марпаттады


Кентауда

Мейірімділік-ізгіліктің нұры Қарттар күніне орай Кентау қаласында "Мейірімділік-ізгіліктің нұры" атты мерекелік іс шара өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға қатысқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналарды мерекелерімен құттықтады.
- Сіздер сабырлық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Олай болса, зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу-мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – деген қала басшысы қаланың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды алыс хаттармен марпаттады.
Жиында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиевте жүрек жарды лебізін білдіріп, қарияларға құрмет көрсетті. Ақсақалдар алқасының төрағасы Мұратбек Абдуллаев, әжелер алқасының төрайымы Салтанат Атабекқызы қалада аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізді.
Іс-шарада «Ардагерлер» хоры әсем әндер айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қаланың өнерпаз жастары дайындаған концерттік бағдарламада көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.