​Кентаудағы зауыт күніне 30 тонна құбыр шығарады

0
2 617

Өндірілген өнімдер тапсырысқа орай, Қазақстанның барлық аймақтарына тасымалдануда.


​Кентаудағы зауыт күніне 30 тонна құбыр шығарады

Кентау қаласында жылына 1.5 млрд. теңгенің пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын «АБН Альянс» ЖШС жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Цех 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылған. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында жергілікті 31 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.

Өткен жылдың 15 желтоқсан айында жаңа нысанды пайдалануға қабылдау актісі алынып, 1-инвест статистикалық есебі тапсырылған. Қалаға 609 млн.теңге инвестиция құйылды.
Зауыт күніне 30 тонна құбыр шығарады. Өндірілген өнімдер тапсырысқа орай, Қазақстанның барлық аймақтарына тасымалдануда. Аталмыш кәсіпорын биыл қосымша «Радиатор шығару цехын» ашпақ.