​Кентаулықтар енді томографияға түсу үшін алысқа бармайды

0
1 719

Аппарат арқылы адам ағзасындағы барлық ауруларды анықтауға толық мүмкіндік бар.


​Кентаулықтар енді томографияға түсу үшін алысқа бармайды

«Денсаулық фестивалі» аясында Түркістан облысындағы Кентау қалалық орталықтандырылған ауруханасына «Optima 540» компьютерлік томографиясы орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аппарат арқылы адам ағзасындағы барлық ауруларды анықтауға толық мүмкіндік бар.

Салтанатты жиында «Денсаулық фестивалінің» мақсаты мен маңызын сөз еткен облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков облыс әкімінің атынан Кентау қалалық емхана ұжымына жаңа жедел жәрдем көлігін табыс етті.

Жиында ардагер дәрігер Ысқақ Жұмашев бұдан былай кентаулықтар компьютерлік томографияға түсу үшін үлкен қалаларға сабылмайтындығын айтып, игі іске ұйытқы болған облыс әкіміне, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының Түркістан қаласындағы жаңа ғимаратымен танысты. Басқарма басшысы М.Егізбаев мемлекет көптеген қолдау көрсетіп отырғандығын айтып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Басқарма Батыс Қытай батыс еуропа авто жол бойындағы Отырар мөлтек ауданында орналасқан. Мұнда қызметкерлердің жұмыс жасауына толық жағдай жасалған.